Қазақстандық теннисші қыз Елена Рыбакина Словенияның Портороже қаласында өтіп жатқан теннис турнирінде жеңіске жетті.
Кеше ол Германия теннисшісі Лаура Зигемундтан басым түскен еді. Бірінші сетте қарсыласы тай-брейкте жеңімпаз атанды. Бірақ қалған екі сетте Елена жеңіске жетіп, кездесуді өз пайдасына шешті. Сол ойынның үшінші сеті де тай-брейкпен аяқталды. Есеп 10-8 болып, қазақстандық теннисші соққысының ауыр екенін көрсетті.
Ал бүгін ол Чезия спортшысы Тереза Мартинцевадан басым болды. Бірінші сетте Елена 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Тереза Мартинцева мүлде қарсылық көрсете алмады. Рыбакина сетті 6:1 есебімен жапты. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз жарыстың ширек финалына шықты. Енді оны келесі айналымда украиналық теннисші Леся Цуренко күтіп тұр. Ол әлемнің 92 ракеткасы екенін де айта кетейік. Цуренко бүгін ресейлік теннисші Екатерина Александрованы жеңіп тастады.
Жалпы бұл қарсыласты жеңсе одан әрі жарыс жолында атақты теннисші Беатрис Хаддад Майямен кездесуі ықтимал. Бразилиялық теннисші қыз әлемдік рейтингте қазір 18-орында. Ал біздің Елена Рыбакина 25 орында екенін естеріңізге сала кетейік.
Ермұхамед Мәулен