Елена Рыбакинаның тағы бір ірі турнирден бас тартуына тура келді

714

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Елена Рыбакинаның тағы бір ірі турнирден бас тартуына тура келді Фото: independent.co.uk

Ол Қытайда өтетін WTA 1000 – China Open турнирінен бас тартты. Оған арқасынан алған жарақаты себеп болыпты.

Рыбакинаның қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары да растады. Олар турнир кестесіне ескерту іліп үлгерген. Жарыстың өзі 25 қыркүйекте басталып, 6 қазанда мәресіне жетеді.

Еске салайық, былтыр қазақстандық теннисші аталған турнирде жартылай финалға дейін жеткен. Енді биыл сол кезде алған ұпайын қорғай алмайды. Яғни, WTA оның рейтингтік 390 ұпайын кері қайтарып алады.

Жыл басталғалы бері Елена Рыбакина оннан астам турнирден бас тартты. Олардың қатарында Олимпиада ойындары да бар.

Енді отандасымыз Қытайдың Ухань қаласында 7-13 қазан аралығында өтетін WTA 1000 турниріне қатысуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу