Елена Рыбакина тағы бір турнирге қатыспайтын болды

388

Одан кейін қандай жарыстарға қатысатындары әзір белгісіз.

Елена Рыбакина тағы бір турнирге қатыспайтын болды Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина 6 тамызда басталатын Торонто (Канада) WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан теннис федерациясынан түскен мәліметке қарағанда, Е.Рыбакина да, Юлия Путинцева да қазіргі кезде ем алуды жалғастыруда.

Сондықтан екеуі де Торонто додасына бара алмайды. Әсіресе, Юлияның жарақаты ауырлау.

Одан кейін қандай жарыстарға қатысатындары әзір белгісіз.

Федерацияның түсіндіруінше, Торонто сияқты ірі турнирлерге барлық жетекші теннисшілер WTA талаптарына сәйкес бір-екі ай бұрын өтінім жібереді. 

Егер ойнай алмайтын болса, онда теннисшінің командасы ресми түрде бас тарту үшін медициналық құжаттарды жарыс ұйымдастырушыларына тапсырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу