Жүлде қоры 35 миллион фунт стерлингті (шамамен 49.4 млн АҚШ доллары) құрайтын Лондонда өтіп жатқан беделді "Уимблдон" турнирінің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 20-шы орында тұрған Рыбакина әлемнің 59-ракеткасы, француз Кристина Младеновичпен кездесіп, 6: 4, 6: 0 есебімен жеңіске жетті.
Рыбакина үшін бұл кәсіби мансабындағы алғашқы "Уимблдон". Ал оның қарсыласы Франциядан шыққан әлемнің бұрынғы оныншы ракеткасы Кристина бұл турнирге тоғызыншы мәрте қатысты. Рыбакина аталған турнирде ойын тәжірибесінің аздығына қарамастан, матчтың фавориті болды. Ең бастысы, тәжірибенің аздығы мен "Итсбурн" турнінен кейінгі денсаулығына қатысты жағдайлар оған оған екінші айналымға шығуға еш кедергі келтірмеді.
Ал Еленаның қарсыласына келер болсақ, Сербияның тумасы 28 жастағы Кристина Уимблдонның негізгі жеребесінде сегіз рет қатысып, төртеуінде алғашқы раундтарда сүрінген. Лондондағы турнирде Младеновичтің көрсеткен үздік нәтижесі бұл 2015 және 2018 жылдары үшінші айналымға дейін жетуі болатын.
Елена Рыбакина мен Кристина Младенович арасындағы кездесу бір сағат алты минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс пен төрт брейк жасады және бір рет допты ойынға қосу барысында қателік жіберді. Ал Младенович бес рет рет қателік жіберді.
"Уимблдонның" екінші айналымында Рыбакина америкалық Клэр Люмен ойнайды. Сонымен қатар, турнирде қазақстандық теннисшілерден Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Александр Бублик, Михаил Кукушкиндер өнер көрсетеді.
Ермұхамед Мәулен