Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық біріншілігі (US Open-2025) турнирінде ширек финалға шыға алмады. Нью-Йоркте өткен 1/8 финалда ол чехиялық Маркета Вондроушоваға 4:6, 7:5, 2:6 есебімен есе жіберді.
Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Рыбакина 5 эйс жасап, 4 қос қателік жіберді. Ал Вондроушованың еншісінде 13 эйс және 5 қос қателік бар. Ширек финалда Вондроушова әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Тағы бір матчта Соболенко испаниялық Кристина Букшаны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Әйелдер арасындағы жарыстың жүлде қоры – 41,6 миллион долларды құрайды.
Айта кетейік, Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінің төртеуінде де (жекелей сында) 1/8 финалға дейін жеткен Қазақстан тарихындағы тұңғыш теннисші.