Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты

148

Әлемнің ең үздік теннисшілері биылғы маусымдағы соңғы Үлкен Дулыға турнирінде сынға түсуде. 

Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Екінші ойында қазақстандық теннисші Чехия өкілі Тереза Валентованы 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Екінші сетте Рыбакина 2:5 есебінен камбэк жасап, төрт сетболды қайтара алды.

Осылайша Рыбакина WTA турнирлері аясында топ-100 ойыншыларынан 200-жеңісіне жетті. Алғашқы жеңісін Елена 2018 жылы Санкт-Петербургтегі турнирде Тимеа Бачинскиге қарсы матчта тіркеген болатын.

Үшінші айналымда Рыбакина Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен кездеседі. Әлемнің 36-ракеткасы Радукану 2021 жылы US Open жарысында жеңіске жеткен.

Бүгін 28 тамыз, бейсенбі күні US Open додасында қазақстандықтардан Александр Бублик, Анна Данилина және Юлия Путинцева жарыс жолына шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу