Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 88-орындағы канадалық, 18 жастағы Виктория Мбоконы қапы қалдырды.
Матч 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Бір сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Елена 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Мбоко 3 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френх немесе кортқа жуырда қайта оралған 45 жастағы атақты америкалық Винус Уильямстің арасында жеңгенімен сынға түседі.
Айта кетейік, Е.Рыбакина бұған дейін жұптық сында да ширек финалға шыққан еді.