Елена Рыбакина Виктория Азаренконы еш қиындықсыз жеңді

1585

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда швейцариялық Виктория Голубичпен кездеседі. Матч 16-наурыз елорда уақытымен таңғы сағат 7:20-ға жоспарланған.

Елена Рыбакина Виктория Азаренконы еш қиындықсыз жеңді

Индиан-Уэллсте (АҚШ) "Индиан-Уэллс Теннис Гарден. Стэдиум 1" стадионында WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінің матчтары өтті. Онда 32 жастағы беларусиялық Виктория Азаренко (әлемдік рейтингте 20-орында) мен 22 жастағы Қазақстан өкілі Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 20-орында) кездесті.

Кездесу Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Ол бірінші сетте 6-3 есебімен, ал екіншісінде 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ойынның ұзақтығы 1 сағат 34 минутты құрады. Екінші сетте есеп 2:2 болғанда беларусиялық теннисшіге көмек керек болды. Ол көз жасын тыя алмады. Болжам бойынша, бұл қолының ауырғанына байланысты болды. Алайда теннисші бірнеше минуттан кейін сабырға келіп, ойынды жалғастырды.

Рыбакина ойын барысында қателікке бой алдырмай, бес эйс жасап, сегіз брейк-пойнттың екеуін сәтті орындады. Ал оның қарсыласы үш эйс жасап, сегіз қателік жіберді. Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалға жолдама алу үшін барын салады. Ол үшін Елена швейцариялық Виктория Голубичті жеңуі керек. Голубич бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцевадан басым түскен болатын.

Сонымен қатар Индиан-Уэллсте ATP 1000 Masters санатындағы турнирдің екінші кезеңінде қазақстандық Андрей Голубев германиялық Александр Зверевпен бірге Марсело Аревало (Гондурас)/Жан-Жюльен Ройер (Нидерланды) дуэтімен кездесті. Матч Андрей мен Александрдың тамаша жеңісімен аяқталды. Бұл жұп бірінші сетті тай-брейкте 7:6 (7:0) есебімен жеңді. Екінші кезеңнің басында Голубев/Зверев қарсыластарынан 6:3 есебімен басым түсті. Ойынның ұзақтығы бір жарым сағатты құрады. Мастерстің 1/4 финалында қазақстандық-германиялық жұп америкалық Тейлор Гарри Фриц/Томми Полмен кездеседі. Матч 18-наурызға жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу