Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде көш бастап келеді

150

WTA жекелей рейтингісінде Е.Рыбакина 7 253 ұпаймен үшінші орында қалды.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде көш бастап келеді Фото: OSCAR GONZALEZ FUENTES

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) чемпиондық кестесінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның орны өзгерген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Аустралия ашық чемпионатында үздік шыққан Е.Рыбакина 2 443 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді. 

Америкалық Джессика Пегула 1 975 ұпаймен екінші орында болса, Беларусь өкілі Арина Соболенко (1800) үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Бүгін жаңартылған WTA жекелей рейтингісінде Е.Рыбакина 7 253 ұпаймен үшінші орында қалды. Рейтингіде 10 675 ұпаймен А.Соболенко алда келе жатса, Польша өкілі Ига Швентек (7 588) екінші сатыда. 

Қазіргі кезде іріктеу сайысы өтіп жатқан Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс турнирінде Е.Рыбакина сәтті өнер көрсетсе, И.Швентекті басып озуы ықтимал. 

Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 77-ден 76-ға жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 6-дан 7-ге сырғыса, Жібек Құламбаева – 140, Ю.Путинцева 156-орында тұрақтады.

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 10-орында қалса, Александр Шевченко 92-ден 88-ге, Тимофей Скатов 192-ден 191-ге көтерілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу