WTA чемпиондық жарысы – теннисшілердің тек ағымдағы күнтізбелік жылда жинаған ұпайлары есепке алынатын жылдық рейтинг. Маусым қорытындысы бойынша үздік 8 теннисші WTA Finals басты турниріне қатысу құқығына ие болады.
Аустралия ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысының жаңа көшбасшысы атанды.
Мельбурндегі триумф оған рейтингте бірден 32 сатыға көтеріліп, 1-орынға шығуға мүмкіндік берді.
Бұған дейін 4-орында тұрған әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 2-орынға жайғасты. Үздік үштікті Элина Свитолина түйіндеді.
Сондай-ақ, бүгінгі жаңартылған рейтинг бойынша, Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 3-ші ракеткасы атанды.