Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA турнирінің 3-айналымына шықты.
Internazionali BNL d'Italia жарысында 1/8 финалда Әлемдік рейтингте 18-орында келе жатқан Елена Рыбакина екі партияға созылған кездесуде Әлемнің 47-ракеткасы Мари Боузкованы 7:5, 7:6 (7:3 тай-брейкете) есебімен жеңді.
2 сағат 27 минутқа созылған кездесуде 21 жасар Рыбакина бес брейк, 4 эйс жасады және допты ойынға қосу барысында 6 рет қателіктерге жол берді. Ал 22 жасар Боузкова қосарланған қателіктер жібермеді. Бұған дейін екі теннисші кездесу өткізген емес.
Ал енді Рыбакинаның келесі қарсыласы оның жерлесі, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева болуы мүмкін. Бірақ, ол үшін Путинцева ең алдымен хорватиялық Петра Мартичті жеңуі тиіс.
Юлия осыған дейінгі матчта Швеция өкілі Ребекка Петерсонды ұтқан болатын. Кездесу 6:2, 6:4 есебімен, Әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Юлияның пайдасына аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, Путинцева Петерсонды алғаш рет жеңіп отыр. Отандасымыз Петерсонға 2018-2019 жылдары ұтылған еді
Путинцеваның келесі қарсыласы хорватиялық Петра Мартич. Екі қарсылас бұған дейін бір жарым апта бұрын кездесу өткізген. Жалпы Петра кездесудің фавориті болатын. Алайда қазақстандық теннисші жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Ермұхамед Мәулен