Елена Рыбакина WTA жұптық рейтингінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

240

Елена бірте-бірте бабына қайта оралуда. 

Елена Рыбакина WTA жұптық рейтингінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартқан жұптық рейтингте айтарлықтай серпіліс жасап, бірден 296 сатыға жоғарылады. Ол бұған дейін 569-орында болса, қазіргі таңда 273-орынға көтерілді.

Бұл көрсеткіш Рыбакинаның жұптық сында мансабында ерекше кезеңнің басталғанын білдіреді. Ол соңғы апталарда аталмыш санаттағы жарыстарға жиі қатысып, ұпай қорын айтарлықтай толықтырды.

Сонымен қатар, Юлия Путинцева рейтингте екі орынға төмен түсіп, 59-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының жұптық сындағы үздік ойыншысы Анна Данилина әлемдік рейтингте 10-орынға ие болып, өз позициясын сақтап отыр.

Жаңартылған рейтингтің көшбасында енді америкалық Тейлор Таунсенд. Ол чехиялық Катерина Синяковадан озып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Үшінші орынға латвиялық Елена Остапенко көтерілді.

Сондай-ақ теннисшілеріміздің жекелей рейтингтегі нәтижелері де белгілі болды. 

Елена Рыбакина WTA-ның жекелей рейтингінде 12-орынды сақтап қалды. Өткен аптада ол Вашингтонда өткен WTA 500 турнирінің жартылай финалында канадалық Лейла Фернандеске есе жіберіп, жарыстан шығып қалған болатын.

Юлия Путинцева үш сатыға төмендеп, 46-орынға жайғасты.
Зарина Дияс өз көрсеткішін жақсартып, бірден 18 сатыға жоғарылап, 251-орынға көтерілді.
Жібек Қуламбаева болса, екі орынға артқа шегініп, 294-орынды иеленіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу