Бапкерін жиі ауыстырған Елена Рыбакина италиялық маманмен жұмыс істеп көрмек

317

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина жаңа бапкерін таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бапкерін жиі ауыстырған Елена Рыбакина италиялық маманмен жұмыс істеп көрмек Фото: Жеке парақшасынан

Давид Сангвинет бұрын ресейлік Динара Сафина және америкалық Брэндон Накашимамен жұмыс істеген.

– Мен онымен бір апта әзірлік жасадым, сәл-пәл Стефаномен жұмыс істедім. Давидті бұрын аздап білетін едім. Ол бос болды, өзімен бұрыннан таныс Вуковпен кейде байланыс жасап тұратын. Әрі қарай қалай болатынын көреміз. Әзірге жұмысымызға көңілім толады, – деді Рыбакина. 

2024 жылы Е.Рыбакина хорватиялық Стефано Вуковпен қош айтысқан болатын. Кейін тағы бір хорватиялық бапкер Горан Иванишевичпен келісімге келді. Осы жыл басында қазақстандық теннисші С.Вуковты командасына қайта қосты. Өткен айда Г.Иванишевич жұмысын тоқтатты.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші осы аптада Абу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінде өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу