Елена Рыбакина жеңіс саны бойынша әлемде көш бастады

437

Қазақстанның 1-ші, әлемнің 3-ші ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы шілде айынан бері үздік нәтижеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина жеңіс саны бойынша әлемде көш бастады Фото: tennis.com

OptaAce сайты хабарлағандай, қазақстандық теннисші осы кезеңде WTA жарыстарында барлығы 41 матчты жеңіспен аяқтаған.

Осы көрсеткіш бойынша Рыбакина басқалардан алда келеді.

Әлемнің 2-ші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек, рейтингіде 5-орындағы америкалық Джессика Пегула, сондай-ақ канадалық Виктория Мбоко мен румыниялық Сорана Кырстя әрқайсысы 31 жеңіске ие.

Бүгін түнде Елена Рыбакина әлемнің 43-ракеткасы, америкалық Хейли Баптисті 7:6 (7:5), 2:6, 6:2 есебімен жеңіп, Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Қазірдің өзінде ол осы жарыстан 61 865 АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 65 рейтингілік ұпайға ие болды. Алайда өткен жылғы ұпайларын қорғау үшін кемінде төртінші айналымға дейін жетуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу