Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

1254

Турнирдің жүлде қоры 8,150 миллион долларды құрайды. Жеңімпаздар 1 млн доллардан аса сыйақы алады.

Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жартылай финалда украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина мен Кудерметова 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыластары 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.

Тағы бір финалдық сайыста турнирдің екінші нөмірлі дуэті Шувэй Се (Тайвань) / Элиза Мертенс (Бельгия) BNP PARIBAS OPEN турнирінде үшінші нөмірмен өнер көрсеткен жапондықтар Шуко Аояма мен Энау Шибахаруды екі сетте де, 6: 2, 6:0 есебімен жеңді. Естеріңізге сал кетейік, қазақстандық-ресейлік дуэт биыл жұптық сайыста Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Рыбакина мен Кудерметова сенбіден жексенбіге қараған түні финалда доданың екінші ракеткалары, тайваньдық Се Шувэй – бельгиялық Элиза Мертенс жұбымен бас жүлдені сарапқа салады. Қазақстандық теннисші жұптық сында осындай деңгейдегі жарыста алғаш рет финалға шығып отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу