Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен ресейлік Вероника Кудерметова Индиан -Уэллс турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға шықты. Екінші айналымда Рыбакина мен Кудерметова турнирдің 4-нөмірлі теннисшілері Алекс Гуарачи (Чили) / Дезире Кравчик (АҚШ) жұбын 6: 3, 6: 7 (2: 7), 10: 0 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды. Жартылай финалға шығу үшін Вероника мен Елена чехиялық Мари Боузкова/Люсия Градецкая жұбымен ойнайды. Кездесу 13-қазанға жоспарланған.
Ал жекелей сында Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева латвиялық теннисші Елена Остапенкодан 6: 3, 2:6, 6:3 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды. 29 жастағы латвиялық 3 эйс пен 5 қос қателік жіберді, сонымен қатар 12 брейк-пойнттың алтауын сәтті прайдаланды. 1/8 финалда Остапенко польшалық Ига Свентекпен кездесетін болды.
Айта кетейік Юлия Путинцева екінші айналымда еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны 6:2, 7:6 (7:5) жеңген болатын. Қазіргі таңда жекелей сайыстар бойынша барлық қазақстандықтар жарысты аяқтады.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллсте (АҚШ) WTA турнирінің 1/16 финалына өте алмады. Дияс 1/32 финалда әлемнің бесінші ракеткасы, чех теннисшісі Барбора Крейчиковамен кездесті. Зарина бір сетте жеңіске жетті. Бірақ жалпы үш сет қорытындысы бойынша 4: 6, 6: 3, 1: 6 есебімен ұтылды.
Ермұхамед Мәулен