Елена Рыбакинаның денсаулығы сыр беріп, Рим турниріне қатыспайтын болды

681

Енді оны франциялық Осеан Доден алмастырады.

Елена Рыбакинаның денсаулығы сыр беріп, Рим турниріне қатыспайтын болды Фото: РБК

азақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінде өткен жылғы чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұған теннисшінің ауырып қалғаны себеп болған. Е.Рыбакина бүгін екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 161-орында тұрған румыниялық Ирина Бегумен ойнауы керек еді. Енді оны франциялық Осеан Доден алмастырады.

Осылайша, Елена Рыбакина Римде чемпиондық атағына қоса өткен жылғы рейтингілік ұпайынан айырылды.

"Биыл Рим турниріне қатысудан бас тартуыма байланысты өкініш білдіремін. Жарысқа түсу үшін өзімді ойдағыдай сезіне алмай тұрмын. Өткен жылғы додадан жақсы естеліктер қалды. Мен өз титулымды қорғауды тағатсыздана тостым. Рим – мен үшін ерекше қала. Енді чемпиондық атағымды қайтару және италиялық жанкүйерлер алдында ойнау үшін келесі жылды күтемін", - деді қазақстандық теннисші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу