Елена Рыбакинаның ракеткасы аукционда сатылды

183

Бүгінде жер шарының ең табысты теннисшілерінің бірі саналатын Еленаның ракеткасы аукционға қойылды. 

Елена Рыбакинаның ракеткасы аукционда сатылды

Алматыда UNICEF Gala Dinner "Dreams Without Borders" қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Кештің ең есте қаларлық сәттерінің бірі – қайырымдылық аукцион. Сол аукционда Қазақстан теннис федерациясы ұсынған Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар ракеткасы, формасы және теннис добы 7 миллион теңгеге сатылды.

Кеш барысында барлығы 283 миллион теңге жиналды. Жиналған қаражат Қазақстандағы жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау мен нығайтуға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу