Елена жұптық сындағы жарыста жарап тұр!

683

Australian Open турнирінде өнер көрсететін қазақстандық теннисшілердің есімдері белгілі болды. 

Елена жұптық сындағы жарыста жарап тұр!

Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші "Үлкен дулыға" турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. Жекелей сында Қазақстанның барлық көшбасшы теннисшілері Елена Рыбакина, Александр Бублик және Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Оларға іріктеу сайысында бақ сынап жатқан Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин қосылуы мүмкін.

Сондай-ақ жұптық сында мына ойыншылар тізімге енді: Андрей Голубев – Александр Недовесов, Александр Бублик – Джон-Патрик Смит (Аустралия), Анна Данилина – Саня Мирза (Үндістан), Елена Рыбакина – Анастасия Павлюченкова (Ресей), Юлия Путинцева – Софья Кенин (АҚШ).

Аустралия ашық чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді.

Сонымен қатар, Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті. Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ширек финалда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурмен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Рыбакина/Павлюченкова ірі жарыстың финалына шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу