Орта салмақ бойынша WBC International титулы үшін Дәурен Елеусінов мексикалық Хуан Карлос Рэйгосаға қарсы (16-15-3, 6 КО) кездесу өткізді. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіліп қалды.
Мехикода өткен жекпе-жек 12 раундқа ұласты. Бастапқыда кездесу 15-тамызда, Гвадалахара қаласында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ, жанкүйерлердің шамадан тыс жиналуына байланысты жекпе-жек бір аптаға кейінге шегерілді.
34 жасар Дәурен Елеусінов үшін бұл спорттық мансабындағы алғашқы жеңіліс. Ол бұған дейін тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның ішінде сегізі нокаутпен, ал 1 кездесу тең нәтижемен аяқталған. Ал оның қарсыласы 30 жасар Рэйгоса 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 15-де қарсыласына жол берген. Сондай-ақ үш кездесуде есеп тең нәтижемен аяқталған.
Бұл Дәуреннің Мексикада өткізген екінші жекпе-жегі. Ал кәсіпқой бокста алғаш рет Дәурен 2014 жылы Америка Құрама Штаттарында рингке шыққан болатын. 30 жасар Рэйгосаға келер болсақ, ол кәсіпқой бокста 2010 жылдан бері өнер көрсетуде. 2018-2019 жылдары Канадада үш кездесу ұйымдастырған мексикалық боксшы қалған жекпе-жектерін өз елінде өткізген.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әр жылдары WBC International титулын канадалық Давид Лемье 41-4, 34 КО), ұлыбританиялық Крис Юбенк (45-5-2, 23 КО) сияқты атақты боксшылар иеленген.
Ермұхамед Мәулен