banner

Елеусінов салмақ өлшеді

3210

Данияр Елеусінов ертең болатын кездесуі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 

Елеусінов салмақ өлшеді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кезекті бокс кешіне шығады. 7 кездесуде жеңіліс таппаған отандасымыз 12 кездесуде жеңіліп көрмеген Решард Хикс деген боксшымен жұдырықтасады. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, Данияр қарсыласынан 181 граммға ауырлау болып шықты. Ал қос спортшының жалпы салмағы 66 келі. 

10 раундтық тәртіп бойынша өтетін бұл кездесу Даниярға қиын болары анық. Қарсыласы америкалық мамандардың мақтауын естіп жүрген былғары қолғап шебері. Кездесу Нью-Йорктегі "Мәдиссон Скуер Гарден" кешенінде өтеді. Елеусінов - Хикс кездесуі Заур Абдуллаев пен Дэвин Хэйни арасындағы басты шоудың андеркардына кіреді. Даниярдың бокс кеші 14 күні таңертең болады және оны "Хабар" агенттігі тікелей эфирде көрсетпек. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу