Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында заңсыз қайтарылған активтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер спикерден реестрге енген адамдардан қайтарылып жатқан 177 млрд теңгеге қандай жобалар іске асырылатынын, ол тізім неге жарияланбайтынын сұрады.
"Жақында ғана Үкімет осыған қатысты мәлімет берді. Ол жақтағы ақша мемлекеттің бірінші кезектегі басым міндеттеріне жұмсалады. Бұл әлеуметтік тұрғыдан бағытталатын қаражат", - деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кету керек, осыған дейін мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу