Таяу Шығыстан 4,7 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды

521

Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстан 4,7 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды Фото: gov.kz

2026 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдайдың шиеленісуі басталғаннан бері Қазақстанға 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілді.

2026 жылғы 5 және 6 наурыз күндері 4 әуе компаниясы 15 рейс орындап, 2 549 жолаушыны тасымалдады.

– Air Astana әуе компаниясы Джидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша 3 рейс орындады. SCAT әуе компаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша 1 рейс орындады. FlyDubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша 5 рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша 2 рейс орындады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша 4 рейс орындады.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары өңірдегі қазіргі жағдайды ескере отырып жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу