Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Словакиямен болған матч жайлы өз ойымен бөлісті.
– Эльхан, ойын туралы не айтасың?
– Ойыннан кейінгі эмоциялар керемет болды. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Қазірдің өзінде тарихты жаңартып үлгердік. Жанкүйерлерге көп рахмет. Керемет атмосфераның әсерінен денем тітіркеніп кетті.
– Әрі қарай не болады?
– Келесі ойындарға дайындаламыз. Біз бірінші орынды сақтап қалуымыз керек. Өйткені Әзірбайжанмен сырт алаңда ойнап, ұпай алу және өз алаңымызда Беларусьпен ойнау қиын болады.
– Қорғаныс пен қақпашымыз үздік пе?
– Әрине. Бүкіл команданы үздік деп айтар едім. Қақпашымыз көптеген сәттерде көмектесті. Ал алаңдағы ойыншылар соңына дейін күресті. Бұл жанкүйерлер, жаттықтырушылар және футболшылардың ортақ жеңісі.
– Ұлттық құрама сапында бірінші рет гол соқтың.
– Беларусьпен ойында мүмкіндігімді пайдаланбаған соң, осы матчта гол соққым келді. Иә, әлеуметтік желідегі пікірлерді оқыдым. Тіпті сол матчтан кейін Нови-Садтан Белградқа жеткенше оқып бардым. Кейбір сәттерде белорусьтерді жеңе алмағаныма өзімнің кінәлі екенімді сездім. Бақытымызға орай, словактардың қақпасына гол соқтым. Командамыз жеңіске жетті.
– Қарсыластар бүгін өте дөрекі ойнады.
– Олардың бұл әрекетіне жауап бермеуге тырыстық. Бірақ бұл футбол, эмоцияны ұстау қиынға соғады. Ең бастысы жеңіп, бірінші орынды сақтап қалдық.
– Жаттықтырушы киім ауыстыратын бөлмеде команданы сағынатынын айтты.
– Иә, командадағы атмосфера керемет. Барлығын бір мақсат, яғни ұлттық құраманың жеңістері біріктіреді. Командаға жақсы көңіл-күймен, өзімізді көрсетейік, ел үшін күресейік деген ниетпен келеміз. Біздің жаттықтырушылар құрамы өте сауатты. Олар әрқашан қарсыластарды мұқият зерттейді, ойыншыларды дайындайды, оларға барлық жағынан қолдау көрсетеді. Мен де ұлттық құрамадағы келесі ойынды асыға күтемін.
Ермұхамед Мәулен