Еліміз Африка, Ауғанстанмен ауыл әйелдерін қолдау жөнінде тәжірибесімен бөліспек

2022 жылы осы бағыттағы кешенді әлеуметтік бағдарлама аясында халықаралық шара ұйымдастырылады. 

Еліміз Африка, Ауғанстанмен ауыл әйелдерін қолдау жөнінде тәжірибесімен бөліспек

Келесі жылдың қарашасында өтетін жиынға бірде-бір бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бұл туралы G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков арнайы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Айтуынша ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарламаның 10 жылдық жұмысын қорытындылайтын шара 2022 жылдың қараша айында өтеді. Бірақ әзірге жиынның қайда өтетіні және форматы белгісіз.

"Бұл жұмыстарға бюджет қаржысы жұмсалмайды. Аталған шараға ауыл әйелдерін қолдаумен айналысатын халықаралық ұйым басшылары, ірі қорлар мен банктер, үкіметтік емес ұйым жетекшілерін шақырғымыз келеді, бізге қолдау білдірсе дейміз. Өзге елдердің өкілдерімен ауыл әйелдерін қолдау бойынша жинаған тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Ауыл әйелдеріне қолдау көрсете отырып, біліктілігімізбен Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Африка, мүмкін Ауғанстанмен бөлісіп, осы елдерде жұмыс істей аламыз", – деп атап өтті спикер.

Қазірдің өзінде Африкамен осы бағыттағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді жүзеге асыру жұмыстары басталып та кетті. Бұл бағытта шараларды қолға алу үшін елімізге Нельсон Манделаның немересі, "Тембикеле Мандела" қорының бас директоры, Африкадағы G-Global басшысы Ндилека Мандела іс-сапармен келді. 

"Бізде әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ден қоямыз. Себебі көп жылдар бойы Африкадағы ауыл әйелдері бизнеске араласа алмай келді. Қолға алынған тағы бір бағыт – білім беру саласы. Әлемді өзгерткің келсе, балалардың білім алуына жағдай жасау керек. Қорымыз жастарға арналған білім беру бағдарламаларын, гранттар іздеумен айналысады. Одан кейінгі бағыт –елдімекендердегі денсаулық сақтау саласы. Біз ауыл ауруханаларына медициналық жабдық, дәрі-дәрмек алу бағытында жұмыс жасаймыз. Осы салада әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, бірге жұмыс жасауға дайынбыз", – деді Ндилека Мандела.

Бүгінде елімізде ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарлама аясында 35 мың әйел білім кустарынан өтсе, 1 мың адам бизнес-жоспар жазуды үйренген. Оның ішінде 81 іскер ана 2-4 мың доллар көлемінде гран алып, кәсібін дамытып, 200-ден аса маманды жұмыспен қамтып отыр. 

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу