Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынбақ

902

Жыл басынан бері Қазақстанда 15 өрттен балалар қаза тапқан. 

Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынбақ Фото: instagram.com/zakiyevadinara

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ата-аналарға 12 жасқа дейінгі балаларын үйде жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балалар омбудсмені Ақмола облысында өрттен екі баланың қаза табуына байланысты пікір білдірді. Оның дерегінше, 2024 жылдың басынан бастап елімізде балалар қаза тапқан 15 өрт дерегі болған, бұл оқиғалардың денінде балалар үйде жалғыз қалған.

"Осы деректерді талдай келе, 12 жасқа толмаған балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Әрине, қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан көзделген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілгені маңызды", – деді Динара Закиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу