Бүгін агенттік төрағасының орынбасары Василий Лавреновтың төрағалығымен өндірісті локализациялау мен кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП-ның, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар АЭС жобаларына отандық кәсіпорындарды тарту, ұлттық үлесті арттыруға кедергілер, сондай-ақ локализацияның халықаралық тәжірибесі мен оны қазақстандық жағдайға бейімдеу мәселелерін қарастырды.
Жеке бөлім кадрлар даярлауға арналды: жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту және болашақ атом жобалары үшін кадрлық резерв құру.
Кездесу қорытындысында жұмыс бағыттарының басымдықтары айқындалып, жол картасын әзірлеу келісілді.
Келесі отырыс қазан айында өтеді.