Елімізде АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болады

517

Қазір әлеуетті вендорлармен келісімсөздер жүріп жатыр. 

Елімізде АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болады Фото: The Global Energy Association

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС құрылысына жауапты вендордың есімі қашан белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, бұл мәселе ұлттық жобаға енбеген. Себебі ұлттық жоба алдағы бес жылға жоспарланған. Атом стансасына біраз уақыт керек екенін өздеріңіз білесіздер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік жұмыс жасап жатыр. Қазір әлеуетті вендорлармен келісімсөздер жүріп жатыр. Сондықтан тапсырма бойынша осы жылдың бірінші жартыжылдығында мамыр, маусым айларында осы бойныша толыққанды ақпарат беріледі", - деп жауап берді Сұңғат Есімханов.

Тілшілер тиісті мәлімет маусым айында жариялана ма деп нақтылады.

"Иә, қай вендормен жұмыс жасауды бастайтынымыз туралы ақпаратты айтамыз", - деді вице-министр.

Айта кету керек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу