Елімізде ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды – Тоқаев

1912

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Елімізде ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды – Тоқаев Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, Үкімет қайта жасақталғанын еске салды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады, деді ол.

"Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз. Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім. Ал бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны", деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. 

"Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу