"Елімізде ең қатты сынға ұшырайтын салалар – білім мен денсаулық"

2954

Бұл ойды Білім және ғылым министрлігін ұзақ уақыт басқарған Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды Atameken Business.    

"Елімізде ең қатты сынға ұшырайтын салалар – білім мен денсаулық"

 Жансейіт Түймебаев 2021 жылдың ақпан айында ҚазҰУ ректоры болып тағайындалған болатын.  Ресей, Түркия мемлекеттерінде өкілетті елші, бұрынғы ОҚО-ның соңғы әкімі болған шенеунік Atameken Business арнасының тілшісі Салтанат Пердешқызына берген сұхбатында бәрінен де әкім болу қиынға соққанын жасырмады.

"Әкімдік көп қырлы, көп сырлы жұмыс екен. Бір жағы – энергетика, бір жағы – ауыл шаруашылығы, бір жағы – мәдениет, бір жағы – әлеуметтік мәселе, денсаулық, білім, соның бәрін қадағалау – оңай емес. Әкімдік көп салалы, сан қырлы екен. Қиындығы көп", – дейді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі лауазымында отырғанда, қандай істер атқарып үлгергенін, нені үлгермегенін де ашып айтты. Әл-Фараби ҚазҰУ-ге ректор болып келгелі университеттің өмірі қалай өзгергенімен бөлісті.

Эксклюзивті сұхбаттың толық нұсқасын 29 шілде 22:00-де Atameken Business арнасынан көре аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу