Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
"Тарифті инвестицияларға айырбастау" қағидатына сәйкес бойынша тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендетуге көзделген жұмыс басталды. Бұл апаттардың санын азайтуға және осы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Ол үшін инженерлік 146 мыңнан астам шақырым желіге жөндеу жүргізу қажет", – деді Қуантыров.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды.
Осыған байланысты, салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен пысықталған, табиғи монополия субъектілері растайтын құжаттары бар өтінімдер ұсынылады деп күтілуде.
"Мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды тұтынылуы үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырды", – деп нақтылады ведомство басшысы.
Аталған міндетті іске асыру үшін:
- Ірі коммерциялық кәсіпорындар сараланған тарифтерді енгізу.
- Халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады.
"Бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді", – деп қорытындылады Қуантыров.