Елімізде ішкі туризмге сұраныс артты

12790

Пандемия саяхат саласындағы көптеген олқылықтың бетін ашты. 

Елімізде ішкі туризмге сұраныс артты Фото: Максим Морозов

Коронаврустық пандемия әлемдік туризм нарығына үлкен соққы болды. Бұл жайт Қазақстанның туризм саласына да талай кедергілер тудырғаны анық. Локдаундар мен шектеулер, шекаралардың жабылауы мен төтенше жағдай. 2020 жыл саланың тоқырауға ұшыраған кезеңі болды десек, қателеспеспіз. Мұны көрсеткіштерден де аңғаруға болады. Мәселен, былтыр шетелден Қазақстанға келетін туристер саны 4 есе қысқарды. 
Сұлулығы көз тартар қорықтар, бірегей табиғи ескерткіштер, тарихы терең салт-дәстүрлер мен заманауи демалыс түрлері – мұның барлығы сырттан келген қонақтардың қызығушылығын тудырғаны анық. Алайда қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болған жоқ.
Көпшілік бұрыннан баратын табиғи аймақтарға саяхаттауды таңдады. Нәтижесінде ішкі туризмнің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмадық. 
Осылайша туристер ағыны таңдайтын бағыттар айқындалып, саладағы көптеген олқылықтардың беті ашылды. Мәселен, Көбейтұз бен Есік көлі  бағытын таңдағандар көп болды. Тіпті аталған табиғи аймаққа халық сыймай жатса, көпшілікке беймәлім бірегей бағыттар бос қалды. 
Жаңа Forte Travel қосымшасы ішкі туризмді дамытуға арналған. Жүйе туристерге ең оңтайлы бағыттарды таңдап, саяхат саласында еңбек ететін кәсіп иелеріне бизнестерін дамытуға мүмкіндік береді. 
Ұялы қосымшаның артықшылықтары мен жұмысы туралы компания өкілі айтып берді. 
Елімізде саяхаттың жаңа салаларын дамыту, оның ішінде гастрономиялық туризмді ілгері жылжыту мұндағы басты мақсаттардың бірі. 
Бірегей табиғи және экологиялық жағдайлар Іле Алатауы аймағында эко туризмді дамытуға септігін тигізеді. 
Ал Қазақстанның алманың отаны саналатыны бұған ерекше әсер етеді. 
Атпен серуендеу еліміздегі туризм саласының ажырамас бөлшегі. 
Сапасыз ұйымдастырылған саяхат, туристер үшін кепілдіктің болмауы демалыстың шырқын бұзуы мүмкін. Ал ұялы қосымша мұндай олқылықтарды болдырмауға көмектесуі керек.
Қазақстанды бұл саланы дамытудың басым бағыттары туралы "Kazakh Tourism" Ұлттық Компаниясы" АҚ-ның өкілі Ернұр Кенжебеков айтып берді.
Жуырда Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов елімізде туризмді дамыту жоспары туралы айтқан еді. Оның сөзінше биыл саланы дамытуға 1 трлн теңгеден аса қаржы бағыттылмақ. 
Үкімет, жергілікті органдары мен бизнестің бірікке жұмысы туризмнің жаңа бағыттарын, жаңы демалыс демалыс орындарын ашуға ықпал етеді.
Вице-министр саланың дамуы туризм саласында 22 000 жаңа жұмыс орнын ашып, өзге де қызмет көрсету  бағыттары  100 000 адамды жұмыспен қамтитынын айтты.
Әзірге сектордың ілгері жылжымауының басты себебі – танымал бағыттардағы қызмет көрсету сапасының төмендігі және инфрақұрылымның жетілмеуі болып отыр.
Отандық туризм нарығының дамуы Қазақстандағы және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Бірақ секторды дамыту мүмкіндігі жоғары екені анық. 

Аударған: Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу