“Елімізде қайтарған жайылымдық жерлерді жергілікті жемқор әкімдер оңды-солды олигархтарға беріп отыр”

514

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. 

“Елімізде қайтарған жайылымдық жерлерді жергілікті жемқор әкімдер оңды-солды олигархтарға беріп отыр” Фото: inbusiness.kz

Мәжілістің жалпы отырысында қайтарылған жайылымдық жер мәселесі көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz

“Біз “Жер аманаты” республикалық комиссия нәтижесінде 8,5 млн гектар жерді қайтардық. Бұл “Жер аманаты” комиссиясының үлкен жұмысы. Ең біріншіден қайтарылған жерлер – жайылымды жерлер. Бірақ та соңғы уақытта біз теріс сигналдарды алып отырмыз. Қандай десек, мынау біздің қайтарған жайылымдық жерлерімізді жергілікті жемқор әкімдер оңды-солды жергілікті олигархтарға және бай-қуаттыларға қайтадан беріп отыр. Бұл әкімдер кімдер? Аты-жөндерін бәрін осы жерде атасын”, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің сөзінше, “Жер аманаты” мен Үкімет былтырғы жыл басынан 8,6 млн гектар жерді қайтарды. 

“2,8 млн гектар жер айналымға енгізілді. Мемлекеттік орталық аппарат қайтарғанымен, жерді бөлу рәсімі жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктердің қолында. Былтырғы жылдан бері осы 8,6 млн гектары қайтарылған 2,2 млн гектары қайтадан бөлініп берген. Бірақ бір айта кетерлің жайт, мұнда 1,6 млн гектары елдімекеннің жайылым жерін кеңейтуге берілген. 600 мың гектары елден шалғай жерлер әрине бөлініп берілді. Бүкіл облыстар бойынша жер берілді. Оны мына облыс деп бөліп жаруға болмайды. Ішінде бұзушылықпен берілгендері бар, қайтарып, бірақ та қайтадан берген әкімдіктер бар. Ол бойынша заңнаманы жетілдіру керек екені белгілі. Қазір қолдағы механизммен әкімдіктерге ешқандай шара көру көзі жоқ”, - деді вице-министр. 

Ведомство өкілінің сөзінше, бұл мәселені заңнаманы жетілдіру арқылы шешуге болады.

“Мен сізге аты-жөндерін ата деп тұрмын. Егер де фамилияларын атамасаңыз, әкімдіктерге шара жоқ. Бізге тиісті қылмыстық нормаларымыз бар. Сондықтан да тиісті аты-жөндерін беріңіз, біз жауапқа тартамыз. Ал егер жұмыс істей алмасаңыздар, министрмен қоса министрліктен қуып шығамыз. Жайылымды жерлерді бірінші халыққа қамтамасыз етуіміз керек”, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.

Бұл ретте Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәжілісменнен депутаттық этиканы сақтап, агрессия танытпауын сұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу