Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.
"Біздің есебіміз бойынша, бүкіл ел халқының жалпы тұтынуына сүйене отырып, бүгінгі таңда қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері және маусымаралық кезенде қырыққабат пен пияз сияқты импортталатын тауарларға тәуелдіміз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2%-дан 55,9%-ға дейін және қант бойынша 90% бар", – деді Серік Жұмағарин.
Кейбір тауарлар бойынша біз халықтың тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілген. Алайда көрші нарықтарға экспорттың артқаны байқалады.
"Әсіресе, көкөніс өнімдерінің экспортын атап айтқым келеді. Біз ішкі нарықты қамтамасыз ететін және азық түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясат құруымыз керек", – деп атап өтті министр.
Нарықтағы бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктері шеңберінде қалыптастырылған қорлармен қанықтыру жөніндегі үйлестіру жұмыстары жалғасуда.
"Биыл тарифтік/тарифтік емес реттеудің уақтылы шаралары оң нәтиже берді
Мәселен, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу нәтижесінде өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалады. Пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты бағаның күрт өсуіне жол бермеді", – деді Серік Жұманғарин.
Қазіргі уақытта 2024 жылдың маусымаралық кезеңін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы күзгі егінге келісімшарт бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда 90,0 мың тоннаға жуық өнім қалыптастырылды.
Бұл ретте министрлік жергілікті атқарушы органдарға келесі жылдың маусымаралық кезеңіндегі келісімшарттарды жасасуды жылдамдатуды тапсырды.