Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

548

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. 

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді Фото: canva

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкіметтің мәліметінше, аталған жұмыстардың нәтижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленген.

"Сондай-ақ, биыл курорттық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, логистиканы және туристік сервистерді дамытуды көздейтін Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары, 2025-2029 жылдарға арналған "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді", – деді Ербол Мырзабосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу