Елімізде құрылыс қарқыны бәсеңдеді

Көрсеткіш, әсіресе, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында төмендеген. 

Елімізде құрылыс қарқыны бәсеңдеді Фото: inbusiness.kz

Бұған Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ұсынған статистика дәлел, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экономика министрінің айтуынша, 2022 жылы 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8% төмен. 

"Бір жыл ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4% ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 18 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында байқалды. 2022 жылы 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға кем", – деді министр. 

Әсіресе, көрсеткіштің төмендеуі – Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында пайдалануға берілген тұрғын үй санының азайғандығы есебінен болып тұр.

"Басқа 14 өңірде оң өсу тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында байқалды", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу