Елімізде өнеркәсіп өндірісі үдеді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
5630

Қаңтар-наурыз айларында нақты көлем 5,8%-ға өсті.

Елімізде өнеркәсіп өндірісі үдеді

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 105,8% болды.

Аbctv.kz-ке белгілі болғандай, 2016 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда, 2017 жылдың осы кезеңінде шикі мұнай, металл кені мен көмір өндіру артқан.

"Мұнай өңдеу өнімдерін, фармацевтикалық және металлургиялық өнімдерін өндіру артқан. Республикамыздың 13 аймағында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өскені байқалады", – деді ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Сонымен бірге темекі өнімдерін және химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру төмендеген.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерде өндіру 5,6%-ға өскені тіркелген, ол 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,4% болған.  

Қайта өңдеу өнеркәсібі 6,5%-ға өскен, ал былтырғы жылдың осындай кезеңінде ол 6,3% болған. Электр энергиясымен қамту, газ беру, ауаны желдету – 3,9%-ға өскен, ал өткен жылдың қаңтар-ақпан айларында 2,5% болған.

Сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинауда құлдырау  байқалып, 1,2 пайыздық көрсеткішке қысқарған. НКИ өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 98,4%-ға дейін өскен.

Өнімнің негізгі түрлері бойынша қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіптік өндірістің өскені байқалады.

Газ конденсаты мұнай өндірумен қоса алғанда 21,1 млн тонна болған, бұл 2016 жылдың қаңтар-наурыз айындағыдан 5,2%-ға артық. Мыс кенін өндіру 22,5 млн тоннаға жеткен, бұл бір жыл бұрынғыдан артық. 

Ұн өндіру 11,1%-ға, яғни 1 млн тоннаға жеткен. Бензин өндіру 0,8 млн тоннаға өсіп, былтырғы жылғымен салыстырғанда 18,2%-ға артық болып отыр.   

Дизель отынын өндіру 1,1 млн тоннаны құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 28,8%-ға артық болды. Портландцемент өндірісі 1,2 млн тоннаға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артық болды.

Жалпақ прокат өндірісі 0,7 млн болып, өткен жылдың көрсеткішінен 2,4%-ға артты. Тазартылған мыс өндірісі 0,1 млн тоннаға жетіп, 2016 жылға қарағанда 1,8%-ға артық болып отыр.

Сонымен қатар электр энергиясын өндіру 9,7%-ға өсіп, 27,1 млрд кВт/сағ дейін жеткен.

 Жанболат Мамышев, Гүлназ Ермағанбетова            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу