Елімізде соңғы 5 айда 16 921 автокөлік құрастырылды

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
28641

Қазақстанда құрастырылған көлік сатып алуға ел азаматтары 94,1 млрд теңге жұмсады.

Елімізде соңғы 5 айда 16 921 автокөлік құрастырылды

Елімізде соңғы 5 айда 16 921 автокөлік құрастырылды. Бұл үшін 114,7 млрд теңге жұмсалды.
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақтан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы стратегиялық жоспарлау бөлімінің директоры Артур Мискарянның мәлімдеуінше, қаңтар-мамыр аралығында өндіріс көлемі 42,8%-ға артты.

"Есептік кезеңде жеңіл көлік құрастыру көрсеткіші 41,5%-ға ұлғайып, 15 733 бірлікке жетті. Осы уақыт аралығында отандық автоөндірушілердің конвейерінен 15 773 жеңіл көлік, 404 автобус, 495 жүк көлігі және 270 тіркеме шықты", – деді Қазақтан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы стратегиялық жоспарлау бөлімінің директоры.

Оның сөзінше, Қазақстанда құрастырылған көлік сатып алуға ел азаматтары 94,1 млрд теңге жұмсады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,7% жоғары көрсеткіш.

"АЗИЯ АВТО" АҚ 8 328 көлік құрастырды және көлік сату көрсеткішін 58,1%-ға жеткізді. Осылайша аталмыш компания отандық көлік өндірушілерінің көшін бастады. "СарыарқаАвтоӨндіріс" ЖШС 5 379 көлік шығарып, екінші орынға орналасты. "СемАЗ" ЖШС - 277, "КАМАЗ-Инжиниринг" - 191, "Hyundai Trans Auto" ЖШС - 103, "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС - 65 көлік өткізді", – деді Артур Мискарян.
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" өкілінің айтуынша, қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 5 925 - LADA, 4 598 - Hyundai, 1 560 - KIA, 399 - Skoda, 343 -Chevrolet,245 - JAC, 152 - Ravon, 150- UAZ, 19 - Peugeot құрастырылған.

Сатылым көрсеткіші бойынша LADAGranta көш бастады. (2119 көлік), Hyundai Tucson екінші орыннан көрінді (1 616 көлік). LADA 4x4 үшінші орынға (1 358 көлік) табан тіреді.

"Есептік кезеңде 1 225 - LADAVesta, 1 072 - Hyundai Accent, 889 - LADA Largus, 776 - Hyundai Creta, 765 - Hyundai Elantra, 664 - KIA Rio, 331 - LADA XRAY сатылды", – деді Артур Мискарян.

Оның айтуынша, қаңтар-мамыр аралығында 937 отандық автокөлік жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша сатылған.

"Соңғы 5 айда отандық автоөндірушілер еліміздің ішкі жалпы өнімінің көрсеткішін 114,7 млрд теңгемен толықтырып, өткен жылғы нәтижелерін 46,4%-ға еселеді. Ал отандық автоөндіріс саласының нарықтағы үлесі 55,8%-ды құрады. Бұған отандық жеңіл автокөліктерге сұраныстың артуы себеп болды. Қаңтар-мамыр аралығында көлік сатып алушылардың 6,5%-ы "Made in Kazakhstan" брэндін таңдады. Сәйкесінше осы уақыт аралығында отандық автоөндірушілердің саудасы жүрді. Алдағы уақытта Қазақстанда құрастырылған автокөлікке деген сұраныс арта түседі. Себебі үкімет автоәуесқойларға жеңілдетілген несиемен көлік алу мүмкіндігін қолжетімді етіп отыр", – деп қорытты сөзін Артур Мискарян.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу