Елімізде су тасқынын болжауға арналған ақпараттық жүйе іске қосылады

823

Су тасқынын болжауға арналған жүйе жыл соңына дейін іске қосылуы мүмкін.

Елімізде су тасқынын болжауға арналған ақпараттық жүйе іске қосылады Фото: ТЖМ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жаңа ақпараттық жүйе несімен ерекшеленетінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде бір емес, бірнеше министрлік осы ақпараттық жүйемен айналысып жатыр. Биыл бюджеттен оған қаражат бөлінген жоқ. Германия, Нидерланды елдері өздерінің ақпараттық жүйесін бізге тегін беріп отыр. Сонымен қатар олар біздің мамандарды үйрететін болады. Бұл жүйені осы жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Нұржан Нұржігітов. 

Министрдің сөзінше, халықаралық ұйымдар тарапынан қаржыландыру мәселесі де қарастырылып жатыр. 

"Биылғы жылға дейін "Қазгидромет" тарапынан ақпан айында алдын ала гидрометеологиялық болжам берілген. Наурыз айында негізгі болжам берілді. "Қазгидромет" берген мәліметтер сол ақпараттық жүйеге енгізіледі. Одан кейін министрлік тарапынан "Қазсушар мекемесінің" әр облыста бөлімшелері бар, олар өз мәліметтерін береді. Үшіншіден, "Қазақстан ғарыш сапары" да өз деректерімен бөліседі. Барлық мәлімет жинақталады. Біз министрлікте ақпараттық талдау орталығын құрдық, оған барлық мемлекеттік органдардың мәліметтері жиналады. Осының арқасында толық және сапалы болжам жасайтын боламыз", - деді ведомство басшысы.

Нұржан Нұржігітов осыған дейін болжамды "Қазгиромет" беріп отырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу