Елімізде зейнетақы жинағын жеке басқаруға аудару көлемі күрт өсті

178

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар БЖЗҚ-дан инвестициялық портфельді басқарушыларға 58,3 млрд теңге аударды.

Елімізде зейнетақы жинағын жеке басқаруға аудару көлемі күрт өсті Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қор деректері негізінде жүргізілген есептеулерге сәйкес, бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 5,1 есе өскен.

Бұл туралы DATA HUB Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аударымдардың көлемімен қатар олардың саны да айтарлықтай артты – тамыз айымен салыстырғанда аударымдар саны 3,1 есе көбейіп, 39,8 мың бірлікке жетті. Өз кезегінде алушылардың саны үш есе өсіп, 36,7 мың адамға жетті. Осылайша, әрбір салымшыға орта есеппен 1,1 аударымнан келген (салымшы өз қаражатын бірнеше басқарушы арасында әртүрлі үлеспен бөле алады)", – делінген ақпаратта.

DATA HUB жазуынша, аударымдардың көлемі де, саны да зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуға мүмкіндік беретін норма қолданысқа енгізілген бүкіл уақытта, 2021 жылғы қаңтардан бергі рекордты орнатты.

"Бұл ретте көрсеткіштердің мұндай күрт өсуі соңғы уақытта алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін көрсеткіштер маусым айында айтарлықтай өсіп, одан кейінгі екі ай бойы шамамен сол деңгейде сақталған. Демек, қазіргі еселеген өсімнің өзі бұған дейін қалыптасқан тарихи жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда тіркеліп отыр", – деп жазылған хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, аударымдар белсенділігінің артуына заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер ықпал еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу