Сүйінші! Ұстаздардың жалақысы өсті

5444

Бұл туралы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі мәлім етті. 

Сүйінші! Ұстаздардың жалақысы өсті Фото: ivanovo.spravedlivo.ru

2022 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуде оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын көтеруді тапсырып, студенттермен қатар еліміздің білім беру жүйесінде педагог та басты тұлғаға айналуға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына жоғары білім беру сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. 

Мәселен, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалақы мөлшері 160,7 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу