Еліміздің ең қымбат 10 футболшысы кімдер?

5202

Футболда трансферлік баға деген ұғым бар. Әр футболшының өз бағасы болатынын көзіқарақты жанкүйердің бәрі біледі. 

Еліміздің ең қымбат 10 футболшысы кімдер?

Дегенмен, футболшылардың бағасы оның соңғы кезде көрсетіп жүрген ойынына тікелей байланысты. Біреудің бағасы арта түссе, біреулердікі күрт төмендеп кетеді. Қазақстандағы бағасы қымбат 10 мықты ойыншы назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстанның ең қымбат ойыншыларының тізімін "Қайрат" қақпашысы Стас Покатилов бастайды. Ол трансфермаркет сайтында 700 мың еуроға бағаланыпты. Қазақстан біріншілігінде ол өз қақпасына аз гол жіберген қақпашылардың бірі. Сондықтан да оның бағасы қомақты соманы құрап отыр.

Ал 9-сатыда "Ордабасы" мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Дмитрий Непогодов тұр. Өткен маусымның соңында Дмитрийдің сенімді іс-қимылдарының арқасында "Ордабасы" қола жүлдеге қол жеткізді. Соның салдарынан оның да футбол нарығындағы бағасы арта түсті. Атақты сайттың айтуы бойынша оның қазіргі таңдағы бағасы 1 миллион, 800 мың еуроны құрайды.

Одан әрі "Астананың" конголық шабуылшысы Фирмин Мубеле орналасыпты. Африкалық ойыншы жарақаттан көз ашпай, алаңға көп шыға қоймады. Ал алаңға шыққан кезінде жақсы ойын өрнегін көрсетті. 2 миллион еуро қаржыңыз болса Мубеле сіздің командаңызға ауысады.

Маусымаралық үзілісте біршама жаңалықтардың жаршысы болған Исламбек Қуат біздің тізімде 7-орында. Достары мен жанкүйерлері оны Солдат деп атайтынын білетін де шығарсыздар. Бұл футболшының бағасы да 2 миллион еуро.

"Астана" командасының вингері Дорин Ротариумаусымды өте керемет бастады. Бірақ одан ары қарай тұрақтылықтан айырылды. Жылдамдығы тәуір бұл футболшы тізімде 6-орында. Румыниялық легионер 2 миллион, 200 мың еуроны құрап тұр.

Үздік бестікте Роман Мұртазаев. 26 жастағы футболшы әр ойын сайын жасыл алаңда қыруар шаруа тындырады. Ол соңғы маусымдарда "Астананың" көшбасшысына айналып үлгерді. Дегенімен, көптеген мамандар оның бағасы сәл көтеріңкі берілген деп есептейді. Трансфермаркет оның құнын 2,5 миллион еуроға теңеді.

"Астана" командасының негізгі ойыншыларының бірі Дмитрий Шомко осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздегі ең қымбат футболшының бірі еді. Алайда, қорғаушы қазір төртінші орынға сырғып кетті. Оның да бағасы қазір 2 жарым миллион еуроны құрап тұр.

Үздік үштікте Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан. "Халықтық команда" "Қайраттың" ортада ойқастап жүретін футболшысы отандық біріншіліктің сәні екені рас. Ресейдің үш дүркін чемпионы "Локомотив" командасы бұл футболшыны өз құрамына қосып ала алмады. Себебі, ұлттық құрамамыздың басты ойыншысының бағасы 3 миллион еуроны құрайды.

Ал екінші орынға қазір "Қайрат" шабуылшысы Эдеринсолла Эссеола жайғасқан. Украиналық форфард өткен маусымда 19 гол салып, Марин Томасов екеуі үздік сұрмерген атағын бөлісті. Сондықтан да, 3 миллион 2 мың еуро бағасы өзіне толықтай сәйкес десек болады.

Сонымен бірінші орында 2019 жылдың үздік ойыншысы Марин Томасов. Хорватиялық вингер 19 гол ұрғанымен қоймай, "Астананың" чемпион болуына зор үлес қосты. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы ойындарында өзін жақсы қырынан танытты. Мысалы бір матчта ол 15 минуттың ішінде хет-трик авторы атанды. 32-жастағы хорватиялықтың 3,5 миллион еуро тұруы ешкімді таңқалдырмайды деп ойлаймыз.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу