Әрі Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ел Президенті "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты.
– Бәсекеге қабілетті бизнес – кез келген мемлекеттің тірегі. Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ.
Өздеріңіз білесіздер, қазір біз инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатырмыз.
Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар, – деді Президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі" деген болатын.