/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 23 724,20 РТС 1 155,49
Hang Seng 24 275,22 FTSE 100 5 842,66
KASE 2 251,70 Өнеркәсібі 1 484,00
Еліміздің үздік көлік компаниясы белгілі болды

Еліміздің үздік көлік компаниясы белгілі болды

«Премиум Ойл Транс» ЖШС «Көлік қызметі» аталымы бойынша «Табысты компания» конкурсының жеңімпазы деп танылды. 

10 Наурыз 2020 14:43 1294

Еліміздің үздік көлік компаниясы белгілі болды

Автор:

Есжан Ботақара

«Премиум Ойл Транс» ЖШС Қазақстанның үздік тасымал компаниясы атанды. Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы мен Қазақстан тасымалдаушылары және вагон операторлары қауымдастығының Алматыда өткен бірлескен конференциясында тасымал саласындағы үздік ұжымның есімі белгілі болды. 

Бұл күні салалық қауымдастықтар 2019 жылдың нәтижесін қорытындылаған болатын. Қазақстанның Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының шешімімен «Премиум Ойл Транс» ЖШС «Көлік қызметі» аталымы бойынша «Табысты компания» конкурсының жеңімпазы деп танылды. Жеңімпазға арнайы сыйлық пен куәлікті ҚҰЭҚ және ҚазТОҚ қадағалау кеңесінің төрағасы Илья Сегал табыстады.

Компанияның бас директоры Руслан Өтеев  кәсіпорынның кейінгі жылдары қарқынды даму жолына түсіп, тасымал тұрғысынан да, қаржылық тұрғыдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргенін атады.

«Біздің компанияның басты міндеті – Қазақстандағы 3 мұнай өңдеуші зауыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Осы күнге дейін «Премиум Ойл Транс» бірде-бір рет тасымал кестесін бұзған жоқ», – деді ол.

2019 жылдың қорытындысы бойынша компания 14,2 млн тонна мұнай өнімін тасымалдаған. 

Шарада өз ісі бойынша ақаусыз жұмыс істеп, табысты қызмет еткен компания басшылары мен мамандарға ҚР ИИДМ, ҚР «Атамекен» ҰКП, «KAZLOGISTICS» ҚКО, «ҚТЖ» ҰК»АҚ, ҚҰЭҚ және ҚазТОҚ сияқты ұйымдардың наградалары мен алғыс хаттары, үздік белгілері де салтанатты түрде табыс етілді.

Жемісті әрі тиімді жұмыс істеп, еңбектегі міндетін мүлтіксіз орындағаны, Қазақстанның көлік саласының дамуына жекелей елеулі үлес қосқаны үшін «Petroleum» ЖШС бас директоры Ерғали Қарабеков марапатталды.

Ал «Премиум Ойл Транс» ЖШС бас директоры Руслан Өтеев теміржол арқылы жүк тасымалын ұйымдастырудағы елеулі еңбегі үшін ҚТЖ-ның алғыс хатына ие болды.

«Премиум Ойл Транс» ЖШС-ның тағы бір өкілі, компанияның операциялық қызмет бойынша басқарушы директоры Дания Нұриддинова ҚҰЭҚ-ның «Экспедиторлық бизнестегі айрықша еңбегі үшін» естелік медалін иемденді. Ал кәсіпорынның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Гүлнар Батаева осы ұйымның «Көлік бизнесін дамытудағы еңбегі үшін» естелік белгісімен марапатталды.

«Petroleum» ЖШС-ның вагон паркін күтіп ұстау бөлімінің басшысы Саят Сәбитов пен заң бөлімінің басшысы Данияр Сейтеновке  ҚазТОҚ ұйымының компаниялардың операторлық қызметін реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіруге қатысқаны үшін құрмет грамоталары табысталды.

«Экспедиторлық компанияның үздік маманы» куәлігін:

•          «Премиум Ойл Транс» ЖШС тасымал процестері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары – Азамат Садырбаев,

•          «Премиум Ойл Транс» ЖШС тасымал процестері жөніндегі басқарманың бас маманы – Артур Бөрібаев,

•          «Премиум Ойл Транс» ЖШС тасымал процестері жөніндегі басқарманың жетекші маманы – Мансұр Кошелеков иеленді.

«Премиум Ойл Транс» ЖШС-ның құрылымдық басшылары Мұрат Қапас, Әсет Чиндалиев, Марат Әукенов, Айжан Өтешова, Асылбек Қоспанов, Олжас Арықбаев ҚҰЭҚ-ның алғыс хаттарымен мараптталды.

ҚҰЭҚ пен ҚазТОҚ жыл сайын бірлесіп өткізіп келе жатқан конференцияның басты мақсаты – бизнес пен мемлекеттік органдардың диалогы негізінде биылғы жылдың жоспары мен өзара байланыстың жолдарын пысықтау.

Конференцияға қатысушылар салалық қауымдастықтардың (одақтардың) бизнес проблемасын шешуде, заңдар мен құқықтық-нормативтік актілерді дайындауда мемлекеттік органдармен және Парламент депутаттарымен конструктивті жұмыс істегенін атады.

Дей тұрғанмен, теміржол тасымалының нарығында адал бәсекелестік жағдайын сақтауға және ұлттық мүдделерді қорғауға қатысты концептуалды проблемаларды шешу әлі де өзекті болып отыр.  Транзиттік тасымалдың жылдамдығын арттыруға деген сұранысты қанағаттандыру үшін магистралдық теміржол желісін жылдамдатып жаңғыртуға қажет нормативтік-техникалық жағдай жасауда өзектілігін жойған жоқ. Теміржолмен жасалатын транзиттік тасымалдың жылжымалы құрамындағы отандық парктің үлесін арттыру бойынша да жағдайлар жасалуы керек.

Есжан Ботақара

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу: