Элина Базарова Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады

151

Бүгін бокстан Азия чемпионаты аясында 1/8 финалдық бәсекелер өтіп жатыр. 

Элина Базарова Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады Фото: KFB

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бұрымды боксшымыз Элина Базарова жарыс жолын аяқтады.

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 1/8 финалда Үндістан өкілі, әлем Кубогының жеңімпазы Прити Притимен кездесті. Жекпе-жек тартысты өтіп, үш раунд бойы екі боксшы да белсенділік танытты.

Алайда шешуші үшінші раундта қарсыласы басым түсіп, төрешілердің шешімімен кездесу 0:5 есебімен үндістандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осылайша, сары құрлық бәсекесінің алғашқы күні екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін Жазира Орақбаева жарақатына байланысты жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Алдағы жарыс күндері Қазақстан атынан тағы 18 боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу