Елнұр Бейсенбаев: "Балалардың несібесіне қол салуды доғару қажет"

508

Жобаны кешіктіру – ауыл баласының болашағына балта шабумен бірдей.

Елнұр Бейсенбаев: "Балалардың несібесіне қол салуды доғару қажет" Фото: Canva.com

Мәжілістің жалпы отырысында "AMANAT" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бюджет тапшылығы, ұлттық жобалардың орындалуы мәселелеріне арнайы тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Бюджет тапшылығын Ұлттық қор есебінен жабу әлі тоқтамай отыр. Президент шешімімен биылдан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске асып келеді. Оның алғашқы сомасы балалардың есепшотына түсе бастады. Сондықтан бұдан былай Ұлттық қор қаражатына арқа сүйеп, балалардың несібесіне қол салуды доғару қажет", – деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, ұлттық жобалардың орындалуында да олқылықтар кездеседі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың қарашасынан бастап іске қосылған "Жайлы мектеп" – бұрын-соңды болмаған бірегей жоба. Әйтсе, "Жайлы мектеп" жобасы үш рет қайта қаралды. Саны да қысқарды. Бастапқы межеленген 401 мектептен 369 мектепке түсті. Яғни 32 мектеп қысқарып қалды. Сондай-ақ, әрбір мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау шығыны да 35%-ға өсіп кетті. Құрылысты тапсыру межесі де созылып келеді", – деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттың пікірінше, Президенттің тікелей бақылауында тұрған осынау бірегей жобаны кешіктіру – ауыл баласының болашағына балта шабумен бірдей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу