Астанада әлемдегі үздік мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен мұз шоуы өтеді

250

30 қараша күні елордада алғаш рет әлемдегі ең танымал мәнерлеп сырғанаушыларды бір алаңда тоғыстыратын ауқымды халықаралық мұз шоуы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада әлемдегі үздік мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен мұз шоуы өтеді Фото: behance.net

Аталған шараға екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы Александра Трусова, Ресей чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Алиев, Еуропа чемпионы, Гран-при финалының жеңімпазы Алена Косторная қатысады.

Сондай-ақ екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін чемпионы Хавьер Фернандес, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гергий Куница, жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионы Александр Плющенко және басқалар өнер көрсетеді. 

Спорттық іс-шараның бағдарламасында "Щелкунчик", "Золушка және әдемі ханзада", "Қызыл телпек", сонымен қатар "Аққу көлі" және "Кішкентай су перісі" классикалық балеттерінің үзінділері сияқты сүйікті ертегілерге негізделген қызықты нөмірлер көрсетіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу