banner

Елордада Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді

1316

Астана ашық біріншілігінде Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов сияқты тәжірибелі теннисшілер сынға түседі. Турнирді корттан тек балалар тамашалай алады.

Елордада Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді

Ұлттық теннис орталығының корттарында 19-26 қыркүйекте Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеиіні белгілі болды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш жарыс ATP-ның жаңартылған ресми күнтізбесіне енгізілген. Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскийдің айтуынша, ATP-ның директорлар кеңесі мен қатысқан ойыншылар өткен жылғы осы доданың деңгейін жоғары бағалаған.

"Пандемияның қайтадан кең таралуына байланысты биыл күзде Қытайда көптеген жарыстар өтпейтін болды. Бұған алаңдаған ATP басшылығы біздің бір жарысты өткізуге келісім бергенімізге ризашылық білдірді. Бұл – біз үшін жақсы мүмкіндік, мұндай жарыстар ең алдымен жастарға жол ашады", - деді Ю.Польский.
Astana Open жарысынан бір апта бұрын Нұр-Сұлтан қаласында ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Мұнда жеңімпаз атанған ойыншы Astana Open-нің негізгі турниріне, жүлдегерлер іріктеу сайыстарына жолдама алады. Астана ашық біріншілігіне Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтер қатысады. Ал Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев секілді жастар ел чемпионаты арқылы өз бағын сынап көреді.

Жанкүйерлер үшін тамаша жаңалық бар. Жарысты ұйымдастырушылар балаларды шектеулі көлемде кортқа кіргізуді жоспарлап отыр. Олар барлық санитарлық талаптарға сәйкес әуелі ПТР тест тапсырады. Сөйтіп балалар сүйікті теннисшілерінің ойындарын өз көзімен көре алады. Ересек жанкүйерлер жіберілмейді. Қазақстан теннис федерациясы барлық матчтарды ҚТФ сайты мен Қазақстан телеарналарында көрсетуді ұйымдастырады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу