Елордада Бекзат Саттарханов атындағы зал ашылды

1672

Олимпиада ойындарының қарсаңында бұл керемет жаңалық болды.

Елордада Бекзат Саттарханов атындағы зал ашылды

Елордамызда даңқты боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы зал ашылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық спорт тарихындағы талантты былғары қолғап шеберінің бірі Бекзат, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған еді.

21 жыл бұрын өмірден озған Бекзат батырдың есімі ел есінен кете қойған жоқ. Сондықтан Токиода өтіп жатқан төрт жылдықтың басты бәсекесінің қарсаңында Бекзат Саттарханов атындағы залдың ашылуында үлкен мән бар. Бұл үлкен істің бастамашысы Қазақстан бокс федерациясы мен "Qsport certer" спорттық ұйымы. Ұйымдастырушылар – ҚБФ атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков пен танымал отандық бапкер Жандос Қоныспаевтың сөзінше бұл ойдың пайда болғанына көп болған. Сондықтан орайы келіп тұрғанда мүмкіндікті жібермей іске асыруға бірден кіріскен. Бір айдың ішінде 300 шаршы метр жаттығу залына олимпиадалық стандартқа сай бокс рингі, алты груш,былғары қолғаптар, лапалар және т.б дайындыққа қажетті спорт жабдықтары әкелінді. Спорт кешенінің екінші қабатында бапкерлер бөлмесі мен жуынатын жер орналасқан. Жаттығу залы бір мезгілде 40-50 жас боксшының талабын шыңдауға мүмкіндік сыйлап отыр.

Іс-шараның ашылуына Қазақстан бокс федерациясының өкілдері. Мәдениет және спорт министрлігі, танымал спорт мамандары, бапкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл шара республиканың өзге аймақтарына да үлгі болып, Бекзат Саттарханов атындағы жаттығу залдарының көптеп ашылатынына сенім білдіреміз!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу