Елордада бокстан Әлем Кубогы өтеді

328

Боксшыларымыз он салмақ дәрежесінде сынға түседі. 

Елордада бокстан Әлем Кубогы өтеді

30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан әлемдік деңгейдегі маңызды дода – Әлем Кубогының (World Boxing) екінші кезеңі өтеді. Бұл турнир халықаралық бокс күнтізбесіндегі басты оқиғалардың бірі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бұл жарысқа елдің үздік боксшыларын қатыстыратынын мәлімдеді.  Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да бар.

Қазақстандық боксшылардың алдын ала құрамы келесідей:
50 кг – Санжар Тәшкенбай
55 кг – Махмұд Сабырхан
60 кг – Серік Теміржанов
65 кг – Ертуған Зейноллинов
70 кг – Абылайхан Жүсіпов
75 кг – Сабыржан Аққалықов
80 кг – Нұрбек Оралбай
85 кг – Бекзад Нұрдәулетов
90 кг – Сағындық Тоғамбай
90+ кг – Айбек Оралбай

Айта кетейік, бұл тізім тағы бір сұрыпталып, өзгерістер орын алуы мүмкін.

Бұл құрам Қазақстан боксының қазіргі таңдағы ең мықты өкілдері. Олардың әрқайсысы халықаралық аренада тәжірибе жинақтап, ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар.

World Boxing ұйымының 2025 жылғы күнтізбесіне сәйкес Кубоктың алғашқы кезеңі 30 наурыз бен 7 сәуір аралығында Бразилияда өтті. Үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді, ал финалдық кезең 15-22 қарашада Үндістанда ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу